Үш тілді үйрену – заман талабы - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Үш тілді үйрену – заман талабы

12.03.2019

Үш тілді үйрену – заман талабы. Алматы облысы, Қарасай ауданында өткен «Жаратылыстану пәндерін үш тілде меңгеру - жаһанданған дамудың жолы» атты республикалық семинарда педагогтар осыны айтты.

«Өрлеу» біліктілікті арттыру орталығының өкілдері ұйымдастырған алқалы жиында елдің әр қиырынан келген мұғалімдер өзара тәжірибе алмасты. Педагогтар талқыға салған тақырып біреу. Олар Жаратылыстану пәндерін үш тілде оқытуда кездесетін кемшіліктерді анықтап, сол мәселелердің шешімін табуға ден қойды. 

Тұрсын Әділбекқызы, Абай атындағы орта мектеп-гимназиясының директоры:

Күтілетін нәтижеміз бүгінгі семинарымыз аяқталғаннан кейін үш тілде білім берудің негізгі бағыттары айқындалады.  Өзара пікір алмасады. Жаратылыстану пәндерін үш тілде жүргізу арқылы мұғалімдерге қолдау көрсетіліп, іс-тәжірибе алмасады.

Нұрхан НҰРЛАНҰЛЫ      

Хабарламаларға жазылу