Жаңа оқу жылынан бастап еліміздегі барлық мектепте қосымша оқу құралы ретінде электронды оқулықтар қолданылады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Жаңа оқу жылынан бастап еліміздегі барлық мектепте қосымша оқу құралы ретінде электронды оқулықтар қолданылады

12.03.2019

Жаңа оқу жылынан бастап еліміздегі барлық мектепте қосымша оқу құралы ретінде электронды оқулықтар қолданылады. Opiq.kz бағдарламасы былтырдан бастап өңірлердегі 11 мектепте пилоттық жоба ретінде сынақтан сәтті өткен. Осы заманға сай технологияға негізделген сандық жобаны оқушылар мен ата-аналар, ұстаздар қауымы аса тиімді деп бағалады. «Цифрлы Қазақстан» бағдарламасын іске асыруға арналған жоба туралы толығырақ тілші Нұрлан Асқарұлы тарқатады.   

Нұрлан Асқарұлы, тілші:

Жалпы бұрын оқушылар сабаққа жан-жақты дайындалу үшін қаншама кітапты оқитын, болмаса кітапханадан келіп алатын болса қазір мына жаңа технологияға негізделгін «Opiq» бағдарламасы бойынша барлық кітапты осы жерден тауып алуға болады. Себебі, мұнда барлық кітаптар жинақталған.

Электронды кітаптың игілігін көріп жүрген оқушылардың бірі Дамир Сарманов. Сабаққа дайындалғанда дәстүрлі кітаппен қатар, сандық оқулықты да жиі қолданады. Ал, Дамирдің мұғалімі осы жүйені меңгеру арқылы шәкіртінің білімге деген ынтасының күшейгендігін айтты.

Дамир Сарманов, оқушы:

Смартфон ыңғайлы өйткені, кітаптарды тасу өте қиын қазіргі кезде. Сондықтан смартфонда интернетке кіріп «Opiq»-ке кіре аламыз. «Opiq»-ті оқығанда мен өзіме керекті материалдарды аламын.

Алма Базарғалиқызы, мұғалім:

Бұл оқулықтың ең бір тиімді жағы деймін балалар өзінің оқу жетістігін бағалай алады. Бағдарлама, сабақ, оқулық аясында жасалған. Мұнда бірізділік сақталады. Оқушы мұнда өзінің бойымен барлық пәнді өткізіп, өзіне пәнге деген қызығушылығы артады.  

Білім беруде электронды оқулықтардың жүйесі тиімді құрылған. Оған қоса, осы жоба арқылы шалғай елді мекендердің оқушылары жаңа кітаптарды оқи алады. Қазір бұл материалдар базасы Эстония мемлекетінің тәжірибесінде қолданыста бар. 

Өмірзақ Әбдішүкірұлы, «Алматы кітап» баспасы қазақ редакциясының бас редакторы:

«Opiq» платформасының «Алматы кітап» баспасының электронды оқулықтары қазіргі таңда республикамызда 11 пилоттық мектепте опробациядан өтіп жатыр. 3, 6, 8-сыныптардың оқулықтары біз цифрландырып оқытушылармен, оқытушылар бар ата-аналар бар, оқушылар бар солардың бәріне таныстырдық. Енді жұрттың пікірі өте жақсы.   

Электрондық оқулықтың ішіндегі кез келген мәліметті оқушылар бейнетаспа, үнтаспа мен мәтін бойынша көріп, тыңдап, оқи алады. Сондықтан, бұл жобаның білім беру ісінде мүмкіндігі мол, дейді сала мамандары. Ал, «Мұндай бағдарламаның білім жарысында септігі зор», - дейді Дамир сияқты дарынды оқушылар.  

Нұрлан АСҚАРҰЛЫ                    

Хабарламаларға жазылу