«Нұр Отан» партиясының 20 жылдығына орай құрылымның Алматы қалалық филиалы 20 оқушыға грант бөлді. Тегін білім алатын жасөспірімдердің қатарында көпбалалы отбасыдан шыққан балалар бар. Бұл туралы қалалық мәслихаттағы «Нұр Отан» партиясы фракциясы жетекшісінің орынбасары Роза Кеңесханқызы айтты. Оның сөзінше, қазір «Бақытты отбасы» қорына 35 миллион теңге түскен. Партия мүшелері мен кәсіпкерлер тарапынан жиналған қыруар ақша әлеуметтік аз қамтылған отбасыларды қолдауға жұмсалмақ. Ал, бағдарламаның басым бағыттары екі күннен кейін өтетін партияның съезінде жан-жақты айтылмақшы.
Аманкелді СЕЙІТХАН
«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.