Алматыда оқушылар арасында жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық ғылыми жобалар байқауы өтіп жатыр.
«Мұндай зияткерлік сайыс оқушылардың ғылымға деген қызығушылығын арттырады», - дейді мамандар. Мәселен, бұған дейін мектепаралық, аудандық, облыстық деңгейде өткен білім конкурсының қорытынды кезеңіне 625 ғылыми жоба түскен. Енді елдің әр аймағынан келген 811 жас зерттеуші өзара бақ сынауға кірісті. Оның қорытындысына сай, жеңімпаздар 12-17 мамыр аралығында АҚШ-тың Аризона штаты Феникс қаласында болатын «Intel ISEF-2019» дәстүрлі шарасына жұмыстарын ұсынуға мүмкіндік алады.
Асылан Алтыбаев, қатысушы:
- Өзім бір жоба дайындап, соны елге көрсетсем деген ойда болдым. Сөйтіп қызығушылық артып, ғылыми жобаға қатысып жүрмін.
Нұрлан АСҚАРҰЛЫ
«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.