Үздік мектептің үлгілі жобасы. Ақтөбедегі «Білім-Инновация» лицейінде ата-аналар мен оқушылардың байланысы жолға қойылған.
Мұнда «Рухани жаңғыру» бағдарламасы мен ұлттық құндылықтарымызды балалардың бойына тез сіңіру мақсатында ата-аналардың өздері де мектепішілік шараларға белсене араласады. Бұл жолғы іс-шара Ақтөбе қаласының 150 жылдығына арналды. Оқушылар осы өңірден шыққан батырлардың кейпіне еніп, сахналық қойылымдарын ұсынды. Ал, ата-аналар патриоттық әндерді орындап, «Қара жорға» биін оқушылармен бірге биледі.
Қуаныш Құралбаев, «Білім-Инновация» лицейінің директоры:
- Ата-аналар келіп, өздерінің шығармашылық өнерлерін оқушылармен, ұстаздар қауымымен паш етіп жатыр. Әрине, бала - ата-аналардың игі істерін жалғастырушы ұрпақ, болашағымыз. Біз бала тәрбиесіне ата-аналарды да араластыруға тырысамыз. Себебі біздің мектепте ата-ана, мектеп, оқушы деген үштік өте мықты жұмыс істейді.
Жақсыбек КЕМАЛ
«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.