Еліміздің түкпір-түкпіріндегі мұғалімдер бас қалаға жиналып, астаналық әріптестерінен білім жүйесіндегі жаңашылдықтарды үйреніп жатыр.
Республикалық семинарда Астана қаласы мектептерінде бірнеше жыл көлемінде жүргізіліп келе жатқан реформалар талқыланды. Елорда мектептері басты 4 бағыт бойынша жұмыс істейді. Олар: заман талабына сай инфрақұрылымды дамыту, мұғалімдердің кәсіби біліктілігін көтеру, білім сапасын арттыру және тиімді басқару. Білім сапасын көтеру бойынша кешенді басқару жүйесі де енгізілген. Қосымша білім беру ұйымдарындағы инновациялық жобалар да оң нәтиже беріп келеді.
Ақбота Есаматова, Астана қаласы қосымша білім беру бөлімінің басшысы:
- Біз аймақтардан келген әріптестерімізді тәрбие бағытындағы жұмыстармен таныстырамыз. Жыл басынан бері қаланың 8 мектебі бір платформаға бірігіп, ерекше тәрбие жұмыстарын жасады. Ол оң нәтиже берді.
Сәуле АЛДАМҰРАТҚЫЗЫ
«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.