Астанадағы №85 мектепте аутизм дертіне шалдыққан балаларға арналған сынып ашылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Астанадағы №85 мектепте аутизм дертіне шалдыққан балаларға арналған сынып ашылды

12.02.2019

Игі шараны «Болашақ» корпоративтік қоры мен «Нұр Отан» партиясы бірлесіп жасап отыр. Білім ордасында 14 ерекше оқушы бар екен. Орталықта мүмкіндігі шектеулі балалардың барлық жағдайы жасалған. Арнайы парта мен үстел, оқу құралдары, тіпті тынығу алаңы да қарастырылған. Аутист балалар бір нәрсеге зейін қойып, көп отыра алмайды. «Сол себепті, сабақтың бір бөлігін жеке пәндерге, келесісін ойынға ауыстырып отырамыз», - дейді мұғалімдер. Бұл жерде оқытылған балғындар, біртіндеп жалпы сыныптарға ауыса алады. Астана қаласы бойынша 5 мыңға жуық ерекше күтімді қажет ететін бала бар. Оның 10-15 пайызы аутисттер. 70 мектепте осындай сыныптар ашылған. 

Орнай Айтжанова, қала тұрғыны:

- Ең бастысы, қоғаммен араластырады. Мысалы, бүгін 5 сабақ болса арасында бір сабақ алып, жетіспеген сабақтарын түсіндіреді. Бағдарламамен жұмыс жасайды.

Сәуле АЛДАМҰРАТҚЫЗЫ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу