Бесінші, алтыншы және жетінші сыныпқа арналған оқулық Сыр өңірінің тарихын, мәдениеті мен әдебиетін, табиғатын терең білуге негізделген. Кітапты құрастыру үшін құрылған арнайы жұмысшы топ киелі орындар, ежелгі қалалар, белгілі тұлғалар өмірі туралы мәліметтерді жинақтап, топтастырған. 45 мың дана оқулық баспадан шықты, қазір барлық аудан, ауылға таратылып жатыр. «Өлкетану» сабағы өзге пәндерге кіріктіріліп оқытылады.
Ақзира Қасымова, облыстық Білім басқармасы басшысының орынбасары:
- «Өлкетану» оқулығы жалпы 20 сағатқа арналған. Қазақстан Республикасы Білім және ғылыми министрлігінің бағдарламасына сәйкестендіріліп жасалған, оқулықтар тізбесіне енді. 20 сағаттың 12 сағаты өлкеміздің тарихына, 2 сағаты музыка пәніне, 4 сағаты қазақ әдебиеті пәніне, 2 сағаты география пәніне арналған.
Ақерке БЕРІКБЕКҚЫЗЫ
«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.