Шығыс Қазақстан ІТ-сыныптар ашу бойынша көш басында - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Шығыс Қазақстан ІТ-сыныптар ашу бойынша көш басында

29.01.2019

Былтырдың өзінде облыста 277 жаңа орталық ашылған. Алдағы уақытта тағы 370-і іске қосылмақ. Бұл «Цифрлы Қазақстан» бағдарламасының жемісі. Аталған жоба бойынша былтыр елімізде 800 ІТ-сынып ашылса, алдағы 3 жылда тағы осындай 1 мың сынып ашу жоспарда. 

Қаныбек Жұмашев, «Нұр Отан» партиясының хатшысы:

- Біздің көздеп отырғанымыз – ІТ білімді жастайынан меңгерсе дейміз. Болашақта ол қандай маман иесі болса да, осы компьютерлік техникадан, компьютерлік бағдарламалаудан қорықпай, сонымен қатар, 1 тілде сөйлесе алатындай жағдайда болса екен дейміз.

Ержан ЖАҚЫП

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу