Мұғалімдердің студенттік оқу жылдары еңбек өтіліне қоса есептелуі тиіс - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Мұғалімдердің студенттік оқу жылдары еңбек өтіліне қоса есептелуі тиіс

17.01.2019

Мұғалімдердің студенттік оқу жылдары еңбек өтіліне қоса есептелуі тиіс. «Педагог мәртебесі туралы» құжат бүгін атыраулық ұстаздар талқысына салынды. Білім және ғылым министрлігі жанынан Заң жобасының тұжырымдамасын әзірлейтін жұмысшы топ құрылды. Құжатта педагог мәртебесін арттыру үшін ретсіз тексеріске тыйым салу керектігі айтылған. «Педагог құқықтары» қарастырылған тарауда мұғалімнің материалдық жағдайын жақсарту, әлеуметтік кепілдіктер, біліктілік санаттары қамтылған. Осыған дейін заң жобасы «Қазақстан салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіптік одағының» порталында жарияланды. Арнайы «Білімді ел» республикалық басылымында да көпшілік талқылауына түсті. 40 мыңға жуық ұсыныс тіркелді.

Данияр Сайпиденов, мұғалім:

- Талқыланып жатқан мәселелер ішінде қуантқаны, ауылдық жердегі мұғалімдерге қолдау көрсетілуі. Жаңа заң жобасында 4 жыл оқуын бітіріп келген студенттер мұғалім болған кезде сол жылдары еңбек өтілі ретінде есептеледі. Сондай-ақ, 30 жылдық еңбек тәжірибесі болса, зейнетке шығу мәселесі де қуантты.

Жандос ТЕМІРҒАЛИ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу