ЖОО-дағы сырттай оқу бөлімдері жабылады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

ЖОО-дағы сырттай оқу бөлімдері жабылады

08.01.2019

Енді университетке жылына 2-3 мәрте ғана барып, диплом алып шығу деген болмайды. Биылдан бастап жоғары оқу орындарындағы сырттай оқу бөлімдері жабылады. Жаңа тәртіп туралы бұған дейін Білім және ғылым министрлігі хабарлаған. Сырттай оқуды енді қашықтықтан оқу немесе part time жүйесі алмастырады. Сырттай білім алу жүйесінде студент берілетін білімнің 65 пайызын ғана игерсе, қашықтықтан оқу арқылы оны толық меңгеріп шығуға болады. Қазір оның тиісті құқықтық мәселелері шешіліп жатыр. Ал, биылға дейін сырттай білім алу бөліміне түскендер уайымдамасаболады. Олар оқуын аяқтап шығады.

Дулат АБИБУЛЛАЕВ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу