«Жаңа өркениеттік кеңістіктегі тіл, мәдениет, ғылым». Осындай тақырыпты қаузаған еліміздің тіл мамандары мен жетекші ғалымдары халықаралық симпозиумда бас қосты. Тәуелсіздік күні қарсаңында өткізілген шарада білім беру мазмұнын жаңартудағы үштілділік мәселелері талқыланды. Бұл ретте, Елбасының «Рухани жаңғыру» мақаласы аясында «Жаңа гуманитарлық білім: қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасын атап өтуге болады. Оның аясында 100 кітап аударылып, басылып тарайды. «Сол арқылы, гуманитарлық білімнің мазмұны мен сапасы жаңа деңгейге шығады», дейді тіл мамандары. Жиында қозғалған тағы бір тақырып - балалардың сөйлеу мәдениетін қалыптастырып, қазақ ертегілерінің мазмұнына көбірек мән беру.
Айгүл Садуақасова, ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы этносаралық және конфессиялық қатынастарды зерттеу орталығының жетекшісі:
- Ертегілер аз емес. Бірақ, шындап келсек, біз оларды әлі тереңірек зерттеген жоқпыз. Өте көп ертегілер бар. Жануарлар туралы, адамға, болмысқа, қыз балаларға арналған.
Фариза МҰСАҚЫЗЫ
«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.