Информатика пәні 2019 жылдан бастап 1-сыныптан оқытылады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Информатика пәні 2019 жылдан бастап 1-сыныптан оқытылады

09.11.2018

Соған дейін еліміздің түгел мектебі кең жолақты интернетке тегін қосылады. «Оның қаражаты толық қарастырылған», - деді  Сенаттағы Үкімет сағатында Білім және ғылым вице-министрі Эльмира Суханбердиева. Сондай-ақ, ол оқу жылының екінші жартыжылдығынан «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында 5 және 7 сынып оқушылары үшін «Өлкетану» курсы енгізілетінін айтты. Жалпы, жаңартылған білім мазмұнына сай 221 мың ұстаз біліктілігін шыңдап, қазір 30% үстемақы алады. Тағы 110 мың мұғалім қосымша оқып жатыр. Отырыста апаттық және үш ауысымдық мектептерді жою мәселесі де көтерілді.

Эльмира Суханбердиева, ҚР Білім және ғылым министрінің орынбасары:

- Биылғы жылы 53 млрд. тг. 108 мектеп салынуда. Үш жылдық бюджетте 97 млрд. тг. 73 жаңа мектептің құрылысы қолдау тапты. Үш ауысымдық мектеп мәселесін шешу үшін 33 мектеп салынуда. Тағы 30 мектеп алдағы 3 жылда салынады. 41 мектепті жергілікті органдар өздері салады. 9 мектепті жекеменшік инвесторлар көмегімен саламыз деп жоспарладық.

 

Нысаналы ЫҒЫЛ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу