Балабақша тәрбиешілерін жұмысқа қабылдау тәртібі өзгерді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Балабақша тәрбиешілерін жұмысқа қабылдау тәртібі өзгерді

31.10.2018

Бұл туралы Парламент Сенатының депутаттарымен кездескен Білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев айтты. Министрлік бүгінде балабақшаға мамандар тарту үшін бірнеше шараны қолға алған. Біріншіден, ауылдағы балабақша меңгерушілерін жұмысқа қабылдауда еңбек өтілі 6-дан 3 жылға дейін қысқарды. Бұл үлкен мәселенің бірі болған. Екіншіден, педагогтарды қолдау үшін «Білім туралы» Заңның 51-бабына өзгерістер енгізілуде. Енді балабақшаға тек мектепке дейінгі оқыту мамандығы бойынша ғана емес, педагогикалық білімі бар мамандар да жұмысқа қабылданатын болады. Сондай-ақ, министр тәрбиешілердің айлығын 30-50 пайызға дейін көбейтуге жағдай жасалынғанын айтты. Ол үшін балабақша қызметкерлері бірыңғай біліктілігін арттырып, аттестациядан өтуі керек.

Ерлан Сағадиев, ҚР Білім және ғылым министрі:

- Осы уақытқа дейін мектепке дейінгі мамандығы жоқ тәрбиешілер категория алу үшін аттестациядан өте алмайтын. Енді аттестациялау ережесіне өзгерістер енгізіліп, педагогикалық білімі бар барлық тәрбиешілер аттестациялаудан өтеді. Ол үшін қысқамерзімді курстар енгізіп отырмыз. Курстар жеткілікті.

 

Шерхан ЖАМБЫЛҰЛЫ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу