Кәсіби мереке қарсаңында ақмолалық ұстаздар марапатталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Кәсіби мереке қарсаңында ақмолалық ұстаздар марапатталды

04.10.2018

Кәсіби мереке қарсаңында ақмолалық ұстаздар марапатталды. Бүгінде өңірдегі білім беру мекемелерінде 22 мыңнан астам педагог қызмет етуде. Салтанатты шарада мұғалімдерге түрлі марапаттар табысталды. Мәселен, 3 ақмолалық ұстаз республикалық «Үздік педагог – 2018» байқауының жеңімпазы атанып, оларға арнайы сыйақы берілді. Өткен оқу жылында облыстағы 264 түлек «Алтын белгіге» қол жеткізген. 132 оқушы үздік аттестат иегері атанды. 69 жас дарын республикалық, халықаралық білім сайыстарының, 680 оқушы спорттық шаралардың жеңімпаздары мен жүлдегерлері. Мұның барлығы - ұстаздардың ерен еңбегінің жемісі.

Дана Ысқақова, №3 облыстық мамандандырылған мектеп-интернатының мұғалімі:

- Жаңартылған білім беру мазмұны. Жаратылыстану-математика бағытындағы пәндерді үш тілде беру. Мұғалімдерді аттестациядан өткізу. Осылардың барлығы мұғалімдердің жалақысын, яғни, 30 пайызға, 40 пайызға, 50 пайызға арттырып жатыр. Мұғалімдерді қолдау деген осы деп білемін.   

 

Ермек ЕЛБЕРГЕН

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу