Ақтөбеде мектеп директорлары жұмысқа туыстарын қабылдаған - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ақтөбеде мектеп директорлары жұмысқа туыстарын қабылдаған

02.10.2018

Білім ордасын жеке бизнесіне айналдырған. Ақтөбеде мектеп директорлары қызметке туыстарын қабылдаған. Бұл жөнінде облыстық Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментінің өкілдері мәлімдеді.

Мұндай деректер Алға, Шалқар, Мұғалжар аудандарында анықталды. Мектеп басшылары мұғалімнен бастап, көлік жүргізушілері мен күзетшіге дейін жақын-жуығын алған. «Мониторинг әлі жүріп жатыр, сондықтан, нақты қай мектептерде заң бұзылғанын тап басып айта алмаймыз», - дейді мамандар. Тексерістің қорытындысы кейін жарияланатын болады.

Ербол Толыбаев, Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментінің басқарма басшысы:

- Жұмысқа қабылдаған кезде жақын туысына артықшылық берілуі мүмкін. Осы жағы заңнамамен қаралып жатыр. Нақты жағдайлар бойынша заңнамалық дәлелдемелерге сұраныс жіберілді. Ол дәлелденген жағдайда ғана айтуға мүмкіндік болады.

 

Жақсылық КЕМАЛ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу