Астанада белгілі түрік физигі дәріс оқыды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Астанада белгілі түрік физигі дәріс оқыды

25.09.2018

Астанада былтыр ЮНЕСКО-ның «Өрлеген Өрендер» сыйлығын алған жас ғалым дәріс оқыды. Назарбаев университетінде өткен шараға Түркияның Қазақстандағы Төтенше және өкілетті елшісі, студенттер мен ғалымдар қатысты. Түрік ғалымы ғарыштағы жоғары қуатты бөлшектерді және радиацияны өлшеуге қатысты ғылыми жаңалықтарын түсіндірді.

NASA ғарыш кеңістігін зерттеу жөніндегі ұлттық басқармасында жұмыс істеген жылдардағы тәжірибесін баяндады. Оның еңбектеріне қазірдің өзінде жиырма мыңнан астам сілтеме жасалыпты. Физика саласында көптеген халықаралық сыйлықтарға қол жеткізген Білге Демиркөз алдағы уақытта Қазақстан ғалымдарымен де берік байланыс орнатқысы келеді.  

Мелахат Білге Демиркөз, физика ғылымдарының докторы, доцент:

- Ядролық зерттеу бойынша Еуропалық ұйыммен бірлесе отырып  жерсеріктердің радиацияға төзімділігін арттыруға қатысты тест жобасын түздік. Сол бағытта Түркияда істеп жатқан жұмыстарымызды айтып бердім.  Білім дипломатиясы туралы да баяндадым. Себебі, біздің елдер білім-ғылым арқылы да жақындасуы керек.  

Ержан ТӨЛЕК

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу