Еліміздегі университеттердің оқу бағдарламасында зертханалық-тәжірибелік жұмыстарға басымдық берілмек. Бұл - дамыған елдердегі халықаралық тәжірибе. Мәселен, әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің агробиоорталығында студенттер далалық тәжірибе жұмыстарын жүргізіп инновациялық жобаларын дайындайды. Мұнда биологтар өсімдіктерді тыңайтқышсыз өсіріп, алынған өнімнің генетикасына талдау жасайды. Себебі, қазір әлемде химиялық тыңайтқыштармен өсірілген өнімді тұтынушылардан түрлі дерттер тарап жатыр. Сондықтан, табиғи таза тағам өндіруді дамыту бағытында іргелі ізденістер жасалмақ. Ол үшін еліміздегі барлық университеттердің жанынан инновациялық орталықтар ашу көзделген.
Құттымұрат Тағаев, Агробиоорталық директоры:
- Теориялық тәжірибені іс жүзінде осы егіс алқабында қолдануға бағытталған. Әсіресе, біздің биология факультетінің, биология және биотехнология факультетінің ғалымдары, студенттері, магистранттары, докторанттары осы жерде өздерінің ғылыми экспериментальды жұмыстарын жүргізіп отырады.
Нұрлан АСҚАРҰЛЫ
«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.