Астана қаласы мұғалімдерінің Тамыз конференциясы өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Астана қаласы мұғалімдерінің Тамыз конференциясы өтті

24.08.2018

Салтанатты жиында түрлі грант иелері марапатталды. Сондай-ақ, бірнеше мұғалімге пәтер кілттері табысталды. Жиында сөз алған қала әкімі Әсет Исекешев елорданың білім саласындағы қордаланған мәселелерді қалай шешіп жатқандарын айтып берді. Айтуынша, бас қалада 105 мектеп бар. Оның 85-і мемлекеттік. Бұл Астана үшін өте аз. Себебі, елордаға көшіп келушілердің  саны күн сайын артып келеді. Мәселен, 2011 жылы елорда мектептерінде 75 мың оқушы оқыса, өткен жылы ол 140 мыңға жеткен. Ал, биыл 155 мың бала болады деп жоспарланып отыр. Осыған байланысты алдағы бес жылда 24 мектеп пайдалануға берілмек. Биыл №59 мектептің жанынан жабық спорт алаңы салыныпты. Онда оқушылар қысы-жазы ойнай алады. Алдағы уақытта осындай 30 ғимарат бой көтермек. Сондай-ақ, әкім астаналық мұғалімдердің жалақысы өсетінін айтты. Тек ол барлық ұстаздарға тимейді. Жалпы, мұғалімдердің білімі мен біліктілігі жағынан, бас қаланың ұстаздары оқ бойы озық тұр екен.   

Әсет Исекешев, Астана қаласының әкімі:

- Биыл Астана өзінің 20 жылдық мерейтойына жақсы көрсеткіштермен келді. Өткен уақыт ішінде елордада 43 мектеп салынды. 300-ден аса мектепке дейінгі ұйым, 29 колледж, жаңа Оқушылар сарайы және білім нысандары ашылды. Астаналық педагогтардың саны 5 есеге, яғни, 3 мыңнан 15 мыңға жетті. Барлық өзгерістер мен жаңа бастамаларда астаналық педагогтар алғашқылар қатарында келеді.

 

Сәуле АЛДАМҰРАТҚЫЗЫ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу