128 үміткерге «Болашақ» стипендиясы тағайындалды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

128 үміткерге «Болашақ» стипендиясы тағайындалды

23.08.2018

«Болашақ» бағдарламасына биыл - 25 жыл. Ширек ғасырда бұл бағдарлама еліміз үшін жоғары білікті мамандар даярлауға үлкен үлес қосты. Бұл туралы Мемлекеттік хатшы Гүлшара Әбдіқалықова шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссияның кезекті отырысында айтты. Осы уақытқа дейін бағдарлама аясында 13 мыңға жуық степендия бөлініп, ел дамуына сүбелі үлес қосып жүрген 10 мыңнан аса маман даярланды. Отырыста комиссияның шешімімен магистратура және докторантурада оқитын, сондай-ақ, әлемнің жетекші ғылыми және өндіріс орталықтарына тағылымдаман өтуге жіберілетін 128 үміткерге стипендия тағайындалды.

 

Бақытжан ОМАР

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу