Гранттардың әділ бөлінуін қоғам бақылайды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Гранттардың әділ бөлінуін қоғам бақылайды

09.08.2018

Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі мен Білім және ғылым министрлігі «Қоғамдық бақылау картасы» жобасы аясында білім беру гранттарының бөлінуін қадағалауға кіріседі. Осылайша, мемлекет есебінен тегін білім алуға мүмкіндік беретін гранттарға байқау жарияланған кезде комиссияның әділ шешім қабылдауын агенттік құрған арнайы топтар қадағалай алады. Мұндай топтар әр облыс, әр ауданда құрылған. Олардың құрамына түрлі сала сарапшылары, азаматтық қоғам өкілдері, кәсіпкерлер, ғалымдар, экономистер, журналистер мен блогерлер кіреді. Алдағы жұмыстары мен жоспарларын талқылау үшін бүгін агенттіктің Астанадағы өкілдері кеңес өткізді. Гранттар колледждерге бөлінгенімен, әлі иегерлері комиссиядан өтуі тиіс. Сол қабылдау емтихандары кезінде әлеуметтік желілерде тікелей эфирге шығып отыру ұсынылды. «Осылайша, көппен бірге бақылап, білім гра нттарының шынымен әділ бөлінгеніне көз жеткізе аламыз», - дейді жиынға қатысушылар. 

Жазира Жылқышиева, ҚР МҚСЖҚІҚА Астана қаласы бойынша департаментінің жетекшісі:

- Қазір өздеріңіз білесіздер, қоғамның тарапынан мемлекетте жүргізіліп жатқан барлық бағдарламаларға, іс-шараларға бақылау бар. Бұл да сол бақылаудың бір бөлігі деп айтсақ болады. Біз жас түлектерімізді, жас мамандарды даярлау кезінде түлектердің білімдеріне, біліктіліктеріне қарап және қоғамның өкілдері қатысқан жағдайда барлығы әділ болады деп есептейміз. 

 

Альбина ӘШІМ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу