Қызылордада білім гранттарының әділ бөлінуіне мониторингтік топ бақылау жасайды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қызылордада білім гранттарының әділ бөлінуіне мониторингтік топ бақылау жасайды

06.08.2018

Қызылордада білім гранттарының заңды әрі әділ бөлінуіне арнайы мониторингтік топ бақылау жасайтын болады. Қабылдау комиссияларының құрамына осы топтың мүшелері енді. Олар     мемлекеттік және жекеменшік колледждерде оқуға қабылдау үдерісін толық қадағалайды. Білім гранттарын заңсыз иеленуге, оқуға заңсыз түсу сондай-ақ, емтихан қабылдау кезінде де артықшылықтар көрсетуге жол бермейді. Мониторингтік топ қазір облыстағы 29 арнаулы орта оқу орнында жұмыс істеп жатыр.  

Ләззат Бақтыбаева, мониторингтік топтың мүшесі:

- Қызылорда облысы бойынша колледж студенттеріне биыл 3 мыңнан астам грант бөлінді. Әрбір топ мүшесінің міндеті - комиссия мүшелері сияқты құжат қабылдап, ертеңгі өтетін емтиханның бағдарын бағалап, нақты заңдылығын, заңды түрде өткізілуін қадағалау, яғни, мониторинг жасау болып табылады.

 

Ақерке БЕРІКБЕКҚЫЗЫ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу