Еліміздегі кейбір жоғары оқу орнында білім беру әлі күнге дейін кеңестік үлгімен жүргізіліп келеді. «Оқыту жүйесінде тек өнеркәсіптік құрылысқа ден қойылған. Одан басқа азаматтық құрылысқа да басымдық берілсе», - дейді сарапшы Әлібек Марданов. Сондай-ақ, ол бірқатар университетте оқу барысында қолданылатын әдебиеттер тізімі көрсетілмегенін және зертханалық жұмыстары жоқтығын жеткізді. Сарапшы білім беру бағдарламасына заманауи ғана емес, ғылыми инститтуттардың ағылшын тіліндегі шетел әдебиеттері де енгізілсе деген ұсынысын білдірді.
Әлібек Марданов, құрылыс саласы бойынша сарапшы:
- Нормативтік-техникалық құжаттардың маңыздылығына мән берілмейді екен. Яғни, «Ұлт жоспары: 100 нақты қадам» мақаласында Еурокодты енгізу жөнінде нақты жазылған еді. Тек санаулы оқу орындары Еурокодпен білім беруге, әдебиеттерді қолдануға көңіл бөледі. Сарапшы ретінде Еурокод бойынша есептеулер, монтаж және құрылыс салу әдістемелерін көргіміз келді.
Бұл жоғарғы оқу орындары білім беру бағдарламасының рейтингісін түзу кезінде ескерілген келеңсіздіктер. Жалпы, 33 мамандық бойынша 784 оқыту жүйесі мамандар сынынан өтті. Басымдық техникалық, экономика және бизнес пен әлеуметтік салаларға түсті. Университеттердің лайықты орнын анықтау өз кемшіліктерін жоюға септігін тигізсе, жұмыс берушілер үшін де бағдар болары сөзсіз. Өйткені, рейтингке қарап жастарды жұмысқа тартуға мүмкіндік береді. Іріктеу нәтижесінде Орталық Азия және Каспий қоғамдық университетіне іс жүзінде тәжірибелері мол оқытушылар тартуға кеңес берілді.
Нысаналы ЫҒЫЛ