«Болашаққа» түсу тәртібінде өзгерістер болады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Болашаққа» түсу тәртібінде өзгерістер болады

27.06.2018

«Болашақ» бағдарламасы бойынша магистратураға түсу үшін IELTS ағылшын тілі емтиханының деңгейі  6,1-ге дейін көтеріледі. Бағдарламаға алдағы бес жылда бірқатар өзгерістер енбек.  Бұл туралы бүгін Білім және ғылым министрлігінің өкілдері айтты.

Негізгі өзгеріс, ағылшын тілін меңгеуге басымдық берілмек. Қазір талапкерлерге IELTS деңгейі 5,5 кем болмау керек деген талап бар. Сондай-ақ, 2025 жылға қарай тілге қатысты барлық жеңілдіктер жойылады. Бұдан бөлек, аймақтық деңгейде онлайн тестілеу әдісі іске қосылады.

Айта кету керек, бағдарлама аясында 13 мыңға жуық стипендия тағайындалған. Оның 10-нан астамы білім алып елге келгендер.

Талғат Ешенқұлов, ҚР Білім және ғылым вице-министрі

Биылдың өзінде кезекті стипендияға иегер атану конкурстары басталып кетті. Осы мақсаттарда 555 орын бөлінген.  Осы 555 орынға 351 адам құжат тапсырып, 67-сі стипендиат атанды.

 

Дулат АБИБАУЛЛЕВ

 

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу