«Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымы шығармашылық есеп берді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымы шығармашылық есеп берді

05.06.2018

«Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымы Жезқазған қаласында «Ұлы дала мұрагерлері» деген атаумен  шығармашылық есеп берді. Шара аясында зияткерлік мектептерінің 10 жылда қол жеткізген жетістіктері, әлеуметтік жобалары мен тәжірибелері, сондай-ақ, үздік жобалары көрсетілді. Жас қолөнершілер мен суретшілердің көрмесі көпшілік назарына ұсынылды, сондай-ақ, оқушылар қарттар үйіне арнайы барып, қамкөңіл жандарға арнап  концерт қойды. Бұған қоса «100 кітап», «Қазақтың жүз әні» шаралары өтті. 

Ақнұр Нұрғазиева, Жезқазған қаласы  №13 мектептің оқушысы:

- Назарбаев Зияткерлік мектебінің оқушылары алып келген жобаларды көріп, өте қатты қызықтық. Көптеген мәліметтер жеткізді. Өзара білімімізбен алмастық.

Руслан НҰРЛАНҰЛЫ

Хабарламаларға жазылу