Елімізде 66 жоғары оқу орнының деңгейі бағаланды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елімізде 66 жоғары оқу орнының деңгейі бағаланды

25.04.2018

Бұл жұмыс «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасымен Білім және ғылым министрлігінің бірлескен жобасы бойынша жүзеге асты. Зерттеуге алынған ең басты бағыт, оқу орындарындағы зерттеу орталықтарының жағдайы және оқуды бітіріп, жұмысқа орналасқан түлектердің саны есепке алынады. Негізінен, зерттеу жұмысы 2016 жылы оқуды бітірген түлектерге жүргізілген. Нәтижесінде бірнеше оқу орындарында қазіргі заманға сай оқу базаларының нашар екендігі анықталған. 

Талғат Ешенқұлов, ҚР Білім және ғылым вице-министрі:

- Бұл бізге не береді? Біріншіден, бұл біздің талапкерлерге бағыт-бағдар береді. Яғни, оқуға түсер алдында аталмыш бір мамандықты таңдаған талапкер қарай алады.

 

Ғабит ҰЗАҚБАЙ

Хабарламаларға жазылу