Биылғы байқауға 8 үміткер қатысты. Олар түрлі шеберлік сыныптарын өткізіп, авторлық әдістемелік құралдар мен жобалар ұсынып, бақ сынасты. Қалалық колледждер қауымдастығының жоспары бойынша өткізілген шараның мақсаты - әдіскерлердің үздік тәжірибесін айқындау. Кәсіби шығармашылығын дамыту және білім беру жүйесінде әдіскерлердің әлеуметтік және кәсіби мәртебесін көтеру.
Баян Бексұлтанова, Алматы техника экономикалық қатынас жолдары колледжі директорының орынбасары:
- Біздің негізгі мақсатымыз – осы Алматы қаласындағы колледждердің әдістемелік жұмысының жаңа заманауи талапқа сай озық іс-тәжірибені дәріптеу, жалпылау.
Амангелді СЕЙІТХАН