Елордада пәнаралық білім сайысының алғашқы кезеңі өтті. Елімізде биыл 4-ші мәрте қатарынан өтіп жатқан бұл байқауға Қазақстан мен Қырғыз елінен 500-ден астам оқушы қатысты. Олар екі күн бойы дебат, шығарма жазу және түрлі сұрақтарға жауап беру секілді жарыс түрлеріне қатысты. Ал, бұл сайыстың басты ерекшелігі, жарыс тек ағылшын тілінде өтеді. Астаналық іріктеуден сүрінбеген жас дарындар шетелде өтетін жартылай финалға жолдама алады. Ал, ол сында жеңіске жеткендер АҚШ-дағы финалдық бәсекеге қатысады.
Ғалымжан Есжанов, «Spectrum» халықаралық мектебі» директорының орынбасары:
- Ағылшыншасын дамытамын деген кез келген оқушыға таптырмайтын мүмкіндік. Өйткені, жазумен қатар мұнда сөйлеу мәнерін де жақсы дамытады және бұның келесі кезеңдері бар. Финал Нью-Йоркта Йель университетінде болады.
Шерхан ЖАМБЫЛҰЛЫ