Мектеп оқулықтарының мазмұндық сапасы арта түспек. Бүгін оқу әдебиеттерінің деңгейін қарастыру жөнінде пәндік комиссия жұмысы басталды. Комиссия мүшелері білім беру ұйымдарында қолданысқа енгізілетін 3,6,8-сыныптарға арналған оқулықтар мен электрондық басылымдардың сапасын бағалап, оларға ғылыми және педагогикалық сараптама жүргізді. Сарапшылар қатарында белгілі ғалымдар, әдіскерлер, мұғалімдермен қоса 180-нен астам адам бар. Осыған дейін «қатесі көп» оқулықтардың тізімі арнайы сайтқа салынып, қоғамдық бағалаудан өткен еді. Осылайша, жұртшылықтың оқулық мазмұнына деген пікірін білуге де мүмкіндік жасалды. Республикалық комиссия отырысының қорытындысы бойынша, алдағы оқу жылының кітаптары туралы шешім шықпақ.
Фариза МҰСАҚЫЗЫ