Академик Өмірзақ Сұлтанғазин атындағы математика олимпиадасы өз мәресіне жетті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Академик Өмірзақ Сұлтанғазин атындағы математика олимпиадасы өз мәресіне жетті

05.03.2018

Жыл сайын Астанадағы №56 мектеп-лицейінде өтетін дәстүрлі сайыс биыл жетінші мәрте өтті. Оған республикамыздың барлық аймағынан 500-ден астам оқушы қатысып, өз күштерін сынады. Қатысушыларға қойылатын талап қатаң, тапсырма күрделі. Өйткені, математикалық есеп тапсырмаларды Еуразия Ұлттық университетінің профессор, академик ғалымдары дайындаған. Математика ғылымындағы көрнекті қайраткер, академик Мұхтарбай Өтелбаев әділ қазы алқасының төрағасы. Осыдан кейін-ақ сайыстың салмағын бағамдай беруге болады. Жоғары нәтиже көрсеткен оқушылар марапатталып, арнайы сыйлықтарды иеленді. Болашақта жүзден жүйрік озаттарға басқа да жеңілдіктер қарастыру жоспарда бар.     

Жұмағазы Әлпішев, №56 мектеп-лицейінің директоры:

- Балалар өздерінің орындарын табады деп ойлаймыз. Бірақ, қазір университеттерге грант беруді әлі қарастыра қойған жоқпыз. Болашақта болады деген ойдамыз. Нәтижесіне байланысты оқу орындары келесі жылы грант бере ме деп отырмыз.

 

Ғабит ҰЗАҚБАЙ

Хабарламаларға жазылу