Атырауда жаңашыл педагогтар бас қосты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Атырауда жаңашыл педагогтар бас қосты

01.03.2018

Атырауда «Жаңартылған білім беру мазмұны: адами капиталды қалыптастырудың кепілі» тақырыбында облыстық семинар өтті. Мақсат - жаңартылған білім беру мазмұнын оқу үдерісіне тиімді енгізу және бағалау жүйесін сауатты қолдану бағытында әдістемелік көмек беру. Назарбаев Зияткерлік мектебінің педагогтары шеберлік сыныптарын жүргізіп, мұғалімдермен тәжірибе алмасты. Семинар қатысушыларының сабақты жоспарлау, бағалау жүйесін қолдануға қатысты туындаған сұрақтарына әдіскерлер нақты кеңес берді. Жаңа жүйе бойынша оқушы өз бағасын қадағалауға мүмкіндік алған. Қала мен аудан мектептерінің педагогтары бұл жүйенің тиімділігін баса айтып, оқушылар арасында оң бағаға ие болғандығын жеткізді. 

Жандос ТЕМІРҒАЛИЕВ

Хабарламаларға жазылу