Мектепке дейінгі білім беруді жетілдіру қажет - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Мектепке дейінгі білім беруді жетілдіру қажет

27.02.2018

Елбасының Жолдауында «Адами капитал жаңғыру негізі» екендігі айтылған. Осыған сәйкес, мектепке дейінгі білім беру бағдарламасының бірыңғай стандарттарын енгізу міндеті тұр. Өйткені, заман өзгерген сайын балалардың танымы мен түсінігі де түрленіп жатыр.

Алматыда бас қосқан педагогтар осыны жеткізді. Ал, тәрбие тарихтан тамыр тартқанымен, білім сандық технологияны игеруге негізделгені абзал. Сондықтан, сала мамандары жаңа бағдарлама балалардың білім алуға деген құштарлығын арттыратын халықаралық стандарттарға бағытталуы керек, деп есептейді.     

Гаухар Алдамбергенова, Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінің ректоры:  

- Елбасымыз Жолдауында баланың ерте даму мәселесін алға қойып өтті. Осы мәселені қазір біз 5 жастан баланы оқыту, сөйлету, жазу деген мәселені қарастырып жатырмыз. Бұл мәселенің шешімін табу үшін ең бірінші білім бағдарламаларын жөнге келтіруіміз керек. Демек, маман білім бағдарламаларының өзгеруіне дайын болуы қажет. 

Нұрлан АСҚАРҰЛЫ  

Хабарламаларға жазылу