Қазақстандағы жоғары оқу орнын ауыл шаруашылығы мамандығы бойынша грантпен бітірген студенттер 3 жыл ауылда еңбек етуге міндеттелуі мүмкін. Ауыл шаруашылығы министрлігінің осындай жоспары бар. Бүгін Сенатта арнайы дөңгелек үстелде осы мәселе талқыға түсті. Министрліктің жүйесінде қазіргі таңда 3 университет пен 23 ғылыми-зерттеу институты бар. Олардың саны алдағы уақытта екі есеге қысқармақ. Яғни, келешекте ғылымның шынайы өндірістен бөлініп қалу мәселесін еңсеру қажет. Мемлекеттік тапсырыс аясында ауылдық квотаны 30-дан 70 пайызға дейін арттыру маңызды. Сонымен бірге, «ауыл шаруашылығы мамандықтарына бөлінетін гранттардың 70 пайызын аграрлық оқу орындарына беру керек», дейді ведомство өкілдері.
Индира БЕГАЙДАР