Сыр өңірінің тарихи ескерткіштері мен мәдени мұраларына туристердің қызығушылығы жоғары. Былтыр аймаққа 100 мыңнан астам шетелдік қонақ келген. Ал, оларға қызмет көрсету саласы бойынша мамандар аз. Сондықтан, Қорқыт ата атындағы Қызылорда Мемлекеттік университеті туризм бағыты бойынша мамандар даярлауды қолға алды. Студенттер үш тілде білім алады. Және өңірдің барлық тарихи орындары туралы мәліметтерді толық меңгеріп, келген қонақтарға жоғары деңгейде қызмет көрсетуге машықтанады.
Әзілхан Тәжікеев, Қорқыт Ата атындағы ҚМУ Археология және этнография ғылыми зерттеу орталығының жетекшісі:
- Арал, Қызылқұм, Қарақұм сияқты үлкен ландшафтарды егер осы студенттерге-туризм мамандарына жеткізетін болсақ, өлкеміздің ішкі туризміне әсер етеді. Мамандар болашақта осы дүниелерді меңгеріп шығатын болса, онда бұл туристік агенттіктердегі қызметтер мен кадрларды дайындау тұрғысындағы өте қажет мамандық болады деп санаймын.
Ақерке БЕРІКБЕКҚЫЗЫ