Ғылым саласына мемлекеттік гранттарды бөлу конкурсы аяқталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ғылым саласына мемлекеттік гранттарды бөлу конкурсы аяқталды

02.02.2018

Қаржы аз, жоба көп. Ғылым саласына мемлекеттік гранттарды бөлу  конкурсы аяқталды. Мемлекеттік гранттарды алуға 4488 жоба жолданған. Алайда, оның тек мыңнан астамы ғана мақұлданған.  Бұл туралы Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің төрағасы Болатбек Әбдірәсілов айтты. Басты себеп - грант көлемі шектеулі. Мақұлданған жобалар жеті ғылыми бағытты қамтиды. Гранттан бөлек, мақсатты қаржыландыру конкурсы да тәмәмдалды. Оған 300-ден астам ғылыми жоба түсіп, оның 78-і қаржыландырылады деп шешілген. Үздік жобаларда 7 сала бойынша арнайы құрылған  ғылыми кеңестер анықтайды. Оның құрамына отандық ғалымдар мен бизнес және қоғамдық ұйым мүшелері кіреді. 

Дулат АБИБУЛЛАЕВ

Хабарламаларға жазылу