Еліміздегі жаңартылған оқу бағдарламасы бойынша білім беріп жатқан 30-дан аса мектептің 150-ге тарта мұғалімі Павлодарда бас қосты. Мақсат - ток-шоу форматында жаңашыл білім беру мазмұнын талқылау. Шараны ұйымдастырған «Дарын» республикалық ғылыми-тәжірибелік орталығы. Қазіргі басты талап - оқушының білімге деген құштарлығын арттыратын тың тәсілдерді табу. Сол арқылы баланың қабілетін ұштап, болашақ маман ретінде дайындау.
Алма Әубәкірова, Семей қаласы Шәкәрім Құдайбердиев атындағы көпбейінді мектеп директоры:
- Бұл жөнінде мемлекет тарапынан үлкен жұмыстар жүргізіліп жатыр. Үлкен бір дайындықпен келіп отырмыз. Өзіміздің әріптестеріміз арқылы бұл салада қандай жұмыстар жүргізіліп жатыр, сол іс-тәжірибемізбен бөлісеміз деген ойдамыз.
Болат АМАНБАЕВ