Күннің қатты суытуына байланысты Алматы облысы мен Талдықорған қаласында да оқу кестесіне өзгерту еңгізілді. Жалпы, Жетісу өңірінде мектептерде cабақты жаппай бірнеше күнге тоқтату соңғы 10-15 жылда болмаған жағдай. Бірқатар аудандарда сабақ барлық сыныптарда тоқтатылса, кейбір мектептерде 1-4 сынып оқушылары мектепке бармады. Облыс орталығының 24 мектеп пен 64 мектепке дейінгі білім беру мекемесінде кезекшілік күшейтілді.
Ләйлә Атағозина, М.Жұмабаев атындағы орта мектеп директорының орынбасары:
- 5-11 сынып оқушыларының ішінде өте алыс тұратын, саяжайларда тұратын оқушылар сабақтан босатылды. Екінші кезектегі оқушыларының 5-6-сабақтары тоқтатылып, ерте қайтуын қарастырып жатырмыз. Мұғалімдер тарапынан, ата-аналар тарапынан болсын ең бастысы, баланың денсаулығы мен қауіпсіздігі.
Қуаныш ҚАНАТҰЛЫ