Мұғалімдердің санатына сай үстемақы төленеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Мұғалімдердің санатына сай үстемақы төленеді

17.01.2018

Мұғалімдердің жалақысына үстемақы төлеу жаңа аттестациялау жүйесі бойынша іске асады. Ол екі кезеңнен тұрады. Алдымен, мұғалімдердің біліктілігі тест арқылы анықталады. Содан соң берілген санатқа сай жалақы орташа есеппен 20-50 пайызға артады. Айта кетерлігі, ұстаздардың бұған дейінгі үстемақылары мен санаттары сақталады. Ал, биыл еңбекақысы 30 пайызға дейін өсетін мұғалімдердің үлесі елдегі жалпы ұстаздардың 67 пайызы екен.

Бибігүл Асылова, ҚР Білім және ғылым вице-министрі:

- Жалпы алдағы үш жылда мұғалімдердің жалақысын өсіруге республикалық бюджеттен 378 млрд.теңге бөлінеді. Оның 67 млрд-ы осы жылға бағытталады. Биыл көбейтілген жалақыны 1-ші,2-ші,5-ші,7-ші сынып мұғалімдерінің жартысынан көбі қаңтар айынан бастап, ал, қалғандары қыркүйектен бастап ала алады.

Хабарламаларға жазылу