Жоғары білім жүйесіне өзгеріс енгізіледі - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Жоғары білім жүйесіне өзгеріс енгізіледі

08.01.2018

 

Елдегі жоғары оқу орындарындағы білім сапасын арттыру қажет. Сондықтан, білім ордаларына академиялық және дербестік басқару бойынша өзгерістер енгізу жоспарланып отыр. Бұл туралы Алматыда өткен алқалы жиында Төменгі палата депутаттары айтты.

 

Бұл жүйемен етене танысқан мәжілісмендер жаңа қызмет түрімен университет ректорларын таныстырды. Ал, оқу орындарының басшылары өз ұсыныстарын жеткізді.

 

Аталған жүйе енгізілсе, жоғары оқу орындарының тыныс-тіршілігін тек ректорлар емес, министрліктен арнайы жасақталған құрылым да бақылау құқығына ие болады.

 

Бейбіт Мамраев, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:

Бұл заң жобасы жоғары оқу орындарындағы академиялық дербестік және басқару дербестігі туралы. Бұл - 100 қадамның 78-қадамымен тікелей сәйкес. Сондықтан, шамамен, жарты жылдай осы заң жобасы бойынша талқылаулар жүріп жатыр. Әрине, барлық сұрақты шешу мүмкін емес,  дегенмен, менің ойымша, осы жоғары мектептің дамуындағы үлкен кезең. Тікелей министрлікпен жоғары оқу орындарының ара-қатынасы.  

 

Лаура ҚУАНЫШҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу