Қазірдің өзінде Еуразия Ұлттық Университеті «Аспан асты» елінің 15 жоғарғы оқу орнымен тығыз байланыс орнатқан. Бұл туралы Астанада өткен халықаралық конференцияда белгілі болды. Жиын екі елдің дипломатиялық қарым-қатынасының 25 жылдығы мен Еуразия ұлттық университеті жанынан ашылған «Конфуций» институтының 10 жылдығына орайластырылған. Қытайдан келген сарапшы топ институт жұмысына жоғары баға беріп, алдағы жұмыс жоспарымен бөлісті.
Баубек Сомжүрек, Л.Н Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университеті проректоры:
-Біз Тәуелсіз мемлекет болғаннан кейін елімізге Қытаймен шекаралас болғанннан кейін, Қытаймен тығыз байланыс орнату үшін қытайтанушы мамандар керек. Бүгінгі күні Қытайда ІТ технологиялар өте жақсы дамуда. Сондықтан, ол жақта білім алып, қайтадан елге оралып сапалы маман болуға мүмкіндік беріліп отыр.
Елдос САПАРҒАЛИ