«Болашақ» бағдарламасы бойынша 2018 жылға 555 стипендия бөлінді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Болашақ» бағдарламасы бойынша 2018 жылға 555 стипендия бөлінді

07.12.2017

Бұл туралы Мемлекеттік хатшы Гүлшара Әбдіхалықованың төрағалымен өткен шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссияның отырысында белгілі болды. Үшінші жаңғыру бағдарламасындағы міндеттерді іске асыруға 160 мамандық қарастырылған. Мемлекеттік хатшы жаһандық экономикада бәсекеге қабілетті бола алатын болашақ мамандарды іріктеп алуға қатысты шара қабылдау қажеттігін атап өтті. Комиссия отырысында Білім және ғылым министрі есебі тыңдалып, 2018-2025 жылдарға арналған «Болашақ» халықаралық стипендиясын дамытудың жоспары мақұлданды.

Гүлшара Әбдіхалықова, ҚР Мемлекеттік хатшысы:

- Шетелді кадрлау мәселесі маңызды. Биыл жазда біз 251 білім грантын тағайындаған болатынбыз. 

Хабарламаларға жазылу