Жиынға екі ел университеттерінің 80-нен астам өкілі қатысты. Шарада ағылшын тілі мұғалімдерін даярлау курстарының тиімділігі талқыланды. Сондай-ақ, студенттердің тәжірибе алмасу бағдарламалары аясын кеңейту сөз болды. Кездесуде үштілділік мәселесі де айтылып, қос мемлекеттің профессорлары пікір алмасты. Бүгінде әлемнің 750 мыңдай студенті Құрама Штаттарда білім алып жүр. Олардың 2 мыңнан астамы - қазақстандық.
Қарлыға Мысаева, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ журналистика факультеті деканының ғылым және инновация жөніндегі орынбасары:
- Білім беру саласындағы форум саланы жақсартуда өте маңызды. Себебі, білім беру саласы халықаралық стандарттарға сай болуды талап етіп отыр. Біздің 10-ға жуық студентіміз Вайоминг университетінде ғылыми тағылымдамадан өтті. Бұл олардың болашағына жақсы ғылыми тәжірибе болды.
Фариза МҰСАҚЫЗЫ