Алаш зиялыларының білім берудегі әдіс-тәсілдері мектеп пәндеріне жүйелі түрде енгізіле бастады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алаш зиялыларының білім берудегі әдіс-тәсілдері мектеп пәндеріне жүйелі түрде енгізіле бастады

27.09.2017

Алаш мұрасы ұмытылмайды, ұлықталады. Өткен ғасырдағы Алаш зиялыларының білім берудегі әдіс-тәсілдері мектеп пәндеріне жүйелі түрде енгізіле бастады. Алғашында қазақ тілі пәнінен бастау алса, бүгінгі таңда 10 пән осы жүйемен оқытылуда. «Сатылай кешенді оқыту технологиясы» деп аталатын бұл әдістеме біріншіден балалардың сөйлеу дағдыларын қалыптастыруға, танымдық қасиетін арттыруға мүмкіндік береді. Келесі кезекте бұрынғы ағартушылардың тағылымы, ой-тұжырымы, шығармашылықтары терең түсіндіріледі. Мұнымен қоса, ұлттық құндылықтар да мектеп қабырғасынан бастап насихатталады. Бүгінгі таңда бұл тәжірибе Алматы, Астана қалалары, Батыс Қазақстан, Павлодар, Петропавл, Жамбыл облыстарында бар. Жемісін берсе, елдегі мектеп пен балабақшаларға толық енгізу жоспарланған.

 

Раушан САЙЛАУҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу