Мектептерде жаңа бағдарламамен оқыту жүйесі тоқтатылмайды - Ерлан Сағадиев - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Мектептерде жаңа бағдарламамен оқыту жүйесі тоқтатылмайды - Ерлан Сағадиев

22.09.2017

Қоғамда қарсы пікірлер туындағанымен, алдағы 2 жылда барлық сыныптар осы бағдарламамен оқытылмақ. Бүгін білім саласы қаралған парламенттік тыңдауда министр Ерлан Сағадиев осылай деді. Оның айтуынша, жаңадан шыққан оқулықтар теориялық емес, тәжірибелік бағытта әзірленген. Яғни, балалар алған білімін күнделікті өмірде пайдалана білуі тиіс.

Ал, әлеуметтік желілерге тарап кеткен кей суреттер шындыққа жанаспайды. Басқа кітаптардан алынған суреттер, -  деді министр. Отырыс барысында білім грантын бөлу, бес күндік оқу аптасы, мұғалімдердің жалақысы сынды өзекті мәселелер де көтерілді.

Оңғар АЛПЫСБАЙҰЛЫ

Хабарламаларға жазылу