Техникалық және кәсіптік білім беру жүйесіне енді инновациялық технологиялар енгізіледі - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Техникалық және кәсіптік білім беру жүйесіне енді инновациялық технологиялар енгізіледі

05.09.2017

Ол үшін бүгін «Кәсіпқор» холдингі» мен «Білім Медиа Груп» компаниясы өзара әріптестік туралы мемарандумға қол қойды. Бұл келісім негізінде арнайы интернет портал жұмыс істейді. Онда техникалық және кәсіптік білім беру саласында бірлескен оқу әдістемелік құралдар мен арнайы бағдарлама енгізіледі. Сондай-ақ, жаңа сайтта 3D виртуалды зертханалары мен электронды мұрағаттың қызметін пайдалануға мүмкіндік бар. Ал, ең бастысы «техникалық және кәсіптіктік білім әлемі» порталы арқылы еңбек нарығындағы сұраныс пен керек мамандықтар тізімін онлайн көруге болады.

 

Елдос САПАРҒАЛИ

Хабарламаларға жазылу