Қыркүйек айынан бастап 500 сынып ағылшын тілінде оқуға көшеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қыркүйек айынан бастап 500 сынып ағылшын тілінде оқуға көшеді

26.07.2017

Елімізде қыркүйек айынан бастап кей білім ордалары сабақты ағылшын тілінде оқытуды бастайды. Ол үшін қазір 4000-ға жуық педагог арнайы тіл меңгеру курстарын оқып жатыр. Бүгін «Ұлт жоспарында» міндеттелген қадамдардың іске асу барысы жөнінде баяндаған Білім және ғылым министрі осылай деді.

Ерлан Сағадиевтың айтуынша, шет тілінде сабақ өту әуелі бірнеше білім мекемесінде пилоттық жоба ретінде жүзеге асады. Ал, 2019 жылдан бастап барлық білім ордалары толықтай осы жүйеге көшеді.

 

Айдана ҮСЕНБАЙ

Хабарламаларға жазылу