Бүгін Дүниежүзілік халықты қоныстандыру күніне орай бас қосқан мамандар осындай ойды ортаға салды. Оған басты себеп – өрімдей жас қыздар арасында жүктіліктің көбейгені. Жыл сайын елімізде 15-18 жас аралығында 1000-нан астам бойжеткен жоспарсыз бала көтереді. Қалаусыз болғандықтан жасанды түсікке жүгінеді, соңы орны толмас өкінішке апарады.
Сондай-ақ, жастар арасында жыныстық жолмен жұғатын аурулар да кең тараған. Соның салдарынан Қазақстанда ерлі-зайыпты жұптардың 20%-ға жуығы бедеулікке ұшыраған. Осы ретте «отбасын жоспарлауды бүгіннен бастау керек» деген мамандар бозбалалар мен бойжеткендерге мектеп жасынан жыныстық ақпаратты санасларына сіңіру керектігін айтады.
Армангүл ТОҚТАМҰРАТ