Бүгін Ұлттық бірыңғай тестілеуде республика бойынша ең жоғары балл жинаған оқушы анықталды. Ол - алматылық Саят Тасан. Мұқағали Мақатаев атындағы №140 мектеп-гимназиясының түлегі ең жоғары 140 балдан 139 жинаған. Бір ғана сұрақтан мүлт кеткен оқушымен тілшіміз кездесіп, оның қандай сұрақ екенін біліп қайтты.
Саят сынды жұртты таң қалдырған талантты оқушының бірі - Абзал Мырзаш. 12 жасар жасөспірім мектепті экстерн түрінде бітірді. Тіпті, ол Ұлттық бірыңғай тестіден де 117 балл жинады. Енді, «Вундеркинд» бала жақында қалаған жоғары оқу орнының студенті атанады.
Амангелді СЕЙІТХАН