«Еуропалық Одақтың білім саласындағы инновациялық әдістерін қалай меңгеруге болады? Кәрі құрлықтың беделді оқу орындарымен ынтымақтастықты арттырудың жолы қандай?». Еліміздің жоғары оқу орындарының профессорлары Брюссельде осы мәселелер бойынша еуропалық әріптестерімен тәжірибе алмасып жатыр. Делегаттардың барлығы - «Жоғарғы оқу орнының ең үздік оқытушысы» байқауының жеңімпаздары. Ұстаздар қауымы сапардың алғашқы күндері Еуропалық Парламент, Еуропалық комиссияның жұмысымен танысты. Сонан соң Бельгияның Левен университетіндегі әріптестерімен кездесіп, білім саласына инновациялық әдістерді, технологияны енгізу мәселелері бойынша пікір алмасты. Одақтың осы саладағы озық жетістіктеріне қанықты.
Нұрсұлу ҚАСЫМ