Балалар болашақ энергиясы тақырыбында сурет сайысына түсті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Балалар болашақ энергиясы тақырыбында сурет сайысына түсті

05.06.2017

Өз өңірлерінде байқаудан іріктеліп келген талант иелері Астанада өзара мықтыларын анықтады. Солардың арасынан оза шыққандары марапатталды. Одан соң екінші кезеңде суретшілер ашық аспан астында сурет салды. Олардың жұмыстарын тәжірибелі суретшілер бағалады. Сондай-ақ, бейнелеу өнері саласының майталмандары бүлдіршіндерге арнап шеберлік сыныптарын да өткізді. «Сурет салуға машықтанып жүрген балалар үшін бұл тәжірибе алмасып, біліктіліктерін шыңдауға таптырмас мүмкіндік», дейді ұйымдастырушылар.

 

Оңғар АЛПЫСБАЙ

Хабарламаларға жазылу